11.11.2020, 17:44
Қараулар: 149
Аудандық мәдени-демалыс орталығында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXV конференциясы өтті

Аудандық мәдени-демалыс орталығында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXV конференциясы өтті

Конференцияға партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, сонымен қатар аудандық мәслихат депуттатары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы бойынша делегаттардың сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыстың қортындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Жаңақала ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және облыстық конференцияға делегаттарды сайлау бағыттары қарастырылды.
Конференцияда сайлауалды бағдарламаны бекіту үшін партияның аудандағы филиал төрағасы, аудан әкімі Н.Қадырбайұлы хабарлама жасады.
Одан әрі «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов пікірсайыстың ережесін айтып түсіндірді. Модератордың жүргізуімен ең көп дауыс жинаған 4 үміткер өзара сынға түсті. Алғашқы раундта ең бірінші Оразгүл Көбесқызы, одан кейін Әлихан Декартұлы өз бағдарламаларын таныстырса, үшінші Тимур Бегалиев, ең соңғы болып Алтынбек Ермекқалиев бағдарламаларын жан-жақты қамтуғы тырысты.
Екінші кезеңде кандидаттар бір-біріне сұрақ қойып, жауап берді. Пікірсайыс аяқталған соң жиналған партия мүшелері дауыс беріп, нәтижесі экран бетіне шығарылды.
Дауыс берудің нәтижесі бойынша көш бастаған Алтынбек Серікқалиұлы мен екінші орынға жайғасқан Әлихан Досмұхамбетов облыстық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелді.
Жиын аудандық партиялық тізімді бекітумен, «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясына қатысушы делегаттар тізімін бекітумен мәресіне жетті.
«Жаңарған өңір» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар