30.06.2020, 17:55
Қараулар: 232
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен полиция подполковнигі Бижан Бисенұлы Төремұратов Жаңақала аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Төремұратов Бижан Бисенұлы 1983 жылы 22 қазанда БҚО, Тасқала ауданында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ мемлекеттік құқық академиясын және 2010 жылы Қарағанды құқық институтын бітірген.

2004 жылдан бері құқық қорғау саласында қызмет етіп келеді.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін полиция подполковнигі Бижан Төремұратов Бәйтерек ауданының полиция бөлімі Приурал полиция бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

БҚО полиция департаменті  бастығының орынбасары Асылғали Меңдіғалин полиция бөлiмiнiң жаңа бастығын таныстыра отырып, азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстану керектігін айтты. Ал аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева жаңа басшыны құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

«Жаңарған өңір» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар