30.01.2020, 17:40
Қараулар: 212
Тұрғындар тілегі тыңдалды

Тұрғындар тілегі тыңдалды

 

28 қаңтар күні аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин және бөлім басшылары аудан тұрғындарын «Ашық әкімдік» шарасы аясында жеке-жеке қабылдады. Қабылдауға аудан прокуроры Арман Қабанов, аудандық полиция бөлімінің өкілі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов, бірқатар бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қабылдауға келген аудан тұрғындары жұмыссыздық, атаулы әлеуметтік көмек, жер мәселесіндегі кедергілер және тұрғын үй мәселелері бойынша өз өтініштерін білдірді. Тиісінше аудан әкімі тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, заңдылықтары түсіндірілді. Және де қабылдау барысында аталған мәселелер бойынша тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берілді. Қабылдауда әр өтінішті байыппен тыңдаған аудан әкімі алдына келген 13 тұрғынның жағдайын ескере отырып, жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыратынын, әсіресе, жалғыз басты аналар мен мүгедектерге бірінші кезекте жұмыс беру қажеттігін жеткізді. Материалдық көмекке зәру жандарға да барынша қолдау жасалатын болды. Аудан әкімі әркез қолдан келген көмекті аянбай, халықтың тілек-талаптарына баса мән беру керектігін айтты.

Ақсұңқар СӘДІР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар