9.05.2015, 6:51
Қараулар: 41382
Дәрігерлер де үлес қосуда

Дәрігерлер де үлес қосуда

IMG_3174


Орал қаласындағы №1 емхананың дәрігерлері мен әлеуметтік қызметкерлері өздері дайындаған «Забвению не подлежит» атты кітабын соғыс ардагерлеріне үлестіруде.


Олар мекеме қызметкерлерінің бақылауында тұрған соғыс ардагерлері туралы материал жинақтап шығаруды бір жыл бұрын қолға алған болатын. Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай 50 дана кітап шығарылып, қазіргі таңда ардагерлерге үлестірілуде.

Кеше №1 емханадағы «ҰОС ардагерлер бөлмесінің» дәрігері З. Габдушева  бастаған топ соғыс ардагері  Г. Акчуриннің шаңырағына барып, гүл шоғы мен аталмыш  кітапты табыстады. Кітап соғыс ардагерлерінің өмірбаяндары мен фотосуреттерден құралған.

Өз тілшіміз


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар