18.06.2015, 7:38
Қараулар: 113
Бес жұлдызды қонақүй салынбақ

Бес жұлдызды қонақүй салынбақ

IMG_5324


Осы аптаның сейсенбісінде «Қазақстан – Орал» телеарнасында «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының төрағасы Ержан Балтаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.


— «Орал» ӘКК 2010 жылғы қараша айында «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-дан екі акционерлік қоғамға бөлу жолымен қайта құру нәтижесінде жасақталған болатын. Корпорация жұмыс істеген жылдар ішінде жеке әріптестермен бірлесіп, өңірдің экономикасы үшін неғұрлым әлеуметтік-экономикалық мән-маңызы басым жобаларды іске асырып келеді. ӘКК-ның басты мақсаты – өңірімізде  бірыңғай экономикалық нарық аумағын құру арқылы кәсіпкерліктің өркендеуіне жол ашу. Бүгінгі күні ӘКК бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Жұмыспен қамту — 2020», «Өңірлік азық-түлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру», «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламаларын іске асыруда.

ӘКК құрылғаннан бастап әр түрлі сала бойынша құны 14 миллиард теңгені құрайтын 20-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Бүгінгі күні «Орал» ӘКК облысымыздың өз ерекшелігіне сәйкес жасақталған бес басты бағыт бойынша жұ-мыс жасауда. Өткен жылы өңірімізде туризмді дамыту мақсатында Шалқар көлі жағасын жетілдіру бойынша құны 5 миллион теңгені құрайтын шағын жобаны іске асырды. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да өз жалғасын табатын болады. Іске асырылып жатырған жобалардың бірі – көлік-логистикалық орталығы бар индустриалды аймақ қалыптастыру жобасы. Бүгінгі күні серіктестермен бірлесіп техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталуда. Сонымен қатар «Болашақ-Т» құрылыс компаниясымен бірігіп, қала маңындағы «Самал» шағынауданында бес жұлдызды қонақүй салу жоспарланып, бүгінде жобалық құжаттары жасақталу үстінде, — деді Ержан Балтаев.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»


Роман КОПНЯЕВ, «ТДК-42» телеарнасының тілшісі:

— Қала орталығында орналасқан бұрынғы балалар ауруханасы ғимараты жөндеуден өте ме? Болашақта қандай мекемеге берілмек?

Ержан БАЛТАЕВ:

— Бұрынғы балалар ауруханасы осы жылы күрделі жөндеуден өтеді. Ол ғимаратта «А» кластағы бизнес орталығы ашылады деп жоспарлануда.


Екатерина ШМИДТ, «Қазақстан-Орал» телеарнасының тілшісі:

— Несие алушы жеке кәсіпкерлердің несие қайтарымы неге төмен? Түсінік жұмыстары жүргізіле ме?

Ержан БАЛТАЕВ:

— Біздер әрдайым несие қайтарымына талдау жасап отырамыз. Бірқатар кәсіпкерлер алған несиелерін уақтылы қайтарды. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту жолын түсіндіру мақсатында семинар-тренингтер жиі ұйымдастырылып тұрады.


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар