20.06.2015, 6:13
Қараулар: 403
Мас күйінде мәшине айдаған 16 ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Мас күйінде мәшине айдаған 16 ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

pic_1358361713


Облыстық ішкі істер департаментіне қарасты баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өткен аптаның сенбі-жексенбі күндері (13-14 маусым) жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жол-патрульдік полициясының қызметкерлері рейд өткізген.


Осы шара барысында уытты ішімдік ішкен күйі аутокөлік айдаған 16 жүргізуші әшкереленіп, әйнектері тым күңгірттелген 125 аутокөлік тоқтатылды. Рульге мас күйінде отырған жүргізушілердің бірі түнгі уақытта Шолохов көшесінің бойында тоқтату кезінде полиция қызметкерлеріне қарсылық білдіргендіктен, уақытша оқшаулау абақтысына жабылды. Билік өкілдерінің орынды да заңды талабына қарсылық танытқаны үшін оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әлгіндей заңға «томпақ» әрекетінің кесірінен арақ-шарап ішіп, аутотізгін ұстаған әлгі әумесер енді 2 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы кәдік.

Биылғы жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында  мас күйінде мәшине айдаған 994 жүргізуші полицейлердің назарына ілігіп, терезелері шамадан тыс күңгірттелген 1 875 аутокөлік  ұсталған.

Өз тілшіміз


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.