23.06.2015, 6:46
Қараулар: 34
Шабыты шалқар Шапағат

Шабыты шалқар Шапағат

121


Жасына қарамастан талай атышулы додаларда мықтылардың өзін мойындатқан Теректі аудандық №2 саз мектебінің оқушысы Шапағат Амангелді аудан мен облыс абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.


Жуырда Алматы қаласында өткен VІІ Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-жыр байқауына қатысқан Шапағат «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша бас жүлдегер атанды.

Шапағат 100-ден астам орындаушылардың арасынан оза шапты. Бұл орайда оның ұстазы Дәурен Жұмағалиевтің де ерен еңбегін атап өткен жөн. Тынымсыз жұмыс пен ізденістің арқасында келген бұл жеңіс – ауданның абыройы.


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар