23.06.2015, 6:58
Қараулар: 42
Спартакиада ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Спартакиада ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

IMG_8602


Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс орталығында мемқызметкерлердің облыстық спартакиадасы өтті.


«Ақжайық» футбол клубының стадионында өткен доданың ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов қатысып, жиналғандарды құттықтады.

– Еліміз дені сау ұлт ретінде дамуды басты бағыт ретінде таңдады. Мемлекеттік қызметшілер соның үлгісі болуы тиіс. Бұқаралық спортты дамытуды Елбасы алдымызға мақсат етіп қойды. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жарыстарда тек жеңіс тұғырларынан көрінейік, – деді  Арман  Кәрімұлы.

Барлығы 19 команда қатысқан спартакиадада командалық есеппен Қазталов ауданы алға шықса, екінші орынды Сырым ауданы, үшінші орынды облыс әкімдігі иеленді.

Нұрлыбек  РАХМАНОВ


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар