25.06.2015, 7:23
Қараулар: 446
Мемқызметкердің МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Мемқызметкердің МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

1


2013 жылы 23 желтоқсанда Елбасымыз Н. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасында 23 маусым – Мемлекеттік қызметкер күні ретінде белгіленген. Ал биыл бұл кәсіптік мереке Отанымызда екінші рет ресми түрде аталып өтуде. Жақында осыған орай облыстық филармонияның мәжіліс залында конференция мен марапаттау рәсімі болды. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, сөз сөйледі.


Шараның алғашқы бөлімінде «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты конференцияны ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен былай деді:

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің заңды мүдделерін қорғаудағы мемлекеттік қызметкердің маңызын жоғары қояды. Әр мемлекеттік қызметкердің де еңбегі зор. Мемлекеттік қызметкер – елдің сенімін ақтайды, ұлттың абыройын өсіреді. Мемлекет басшысы әр мемлекеттік қызметкердің халық қызметшісі екенін көрсете келіп, оның сол парызын ұмытпау керектігін үнемі ескертіп отыра-ды. Елбасымыз ұсынған бес институциялық жаңғырту да мемлекеттік қызметкердің жұмысын алға бастырудағы тың міндеттерді белгіледі. Сол асқаралы міндеттердің келешекте орындалуы үшін бізге тек ынтымақ пен бірлік қажет. Сіздерді кәсіптік мерекемен құттықтай отырып, адал еңбегі-ңізге  сәттілік  тілеймін!

Әрі қарай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Әділ-хан Әшірбаев «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен «Партия жобалары арқылы 100 нақты қадамның орындалу жолдары», облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты  баяндамалар  жасады.

Сонан соң екі жас мемлекеттік қызметшілер Ерік Нұрмағамбетов пен Гауһар Байболовалар салтанатты түрде ант берді.

*  *  *

Салтанатты шараның келесі марапаттау  бөлімінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сахнаға көтерілді.

– Құрметті әріптестер! Бәріңізді бүгінгі мемлекеттік қызметкер күнімен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметкер абыройлы атақ. Өздеріңіз лауазымдық қызметіңізді мүлтіксіз орындау арқылы істің сапалылығын танытасыздар. Қазір мемлекеттік қызметке талап та жоғары, қамқорлық та жеткілікті. Әрбір мемлекеттік қызметкер кәсіптік біліктілігін үнемі арттырып отыруға міндетті. Бүгінгі қоғамның талабы осындай. Әрі тек заңдар аясында ғана әрекет жасау қажет. Сонымен қатар бізде ашық қоғам құрылуда. Ол тек кәсіби мемлекеттік қызметке ділгер. Атам қазақтан келе жатқан «Ұлы дала демократиясының» болмысы да соған жақын. Сол арқылы еліміздің кез келген азаматы мемлекеттік басқару ісіне белсене араласа алады. Біз, бәріміз іс-әрекетімізді халықтан түсетін талаптарды заң аясында шешіп, іске асыруға бағыттауымыз керек. Елбасының тапсырмалары мен оның алдымызға қойған міндеттерін ұйымшылдықпен жүзеге асыра берейік! Мереке құтты болсын және бәріңізге де жемісті еңбек тілеймін! -деді Нұрлан Асқарұлы. Содан соң ол бір топ мемлекеттік қызметкерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі мен өзінің атынан марапат қағаздарды салтанатты түрде табыс етті. Сый-құрметке ие болғандардың ішінде облыстық жердің пайдаланылуы және қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы Жанайдар Молдашев, облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы Индира Ғазезова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Индира Суханова және басқалары бар.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің  басшысы Әділхан Әшірбаев өздерінің атынан бір топ мемлекеттік қызметшілерді марапаттады. Салтанатты жиынға қатысушылар соңынан мерекелік концертті  тамашалады.

Серік   ІЗБАСАРҰЛЫ


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.