14.11.2015, 9:00
Қараулар: 54
Математиктер жүлдемен оралды

Математиктер жүлдемен оралды

Математикатер
Жуырда «Дарын» қосымша білім орталығының базасында жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында ХІІІ облыстық «Ақ желкен — 2015» математикалық регатасы өтті. Оқушылардың математика саласындағы оқу-танымдық қызметін ынталандыру, нақты ғылым білімдерін насихаттау, ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жобаларға дайындау мақсатында өткен білім сайысы 29 қыркүйек-01 қазан аралығында болды. Осы жарыста біздің оқушылар командалық есеппен жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Атап айтсақ, М.Жүнісов атындағы ЖОББМ оқушысы Есенова Римма (пән мұғалімі Абилгазиев Дамир), Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ оқушысы Ермеков Армат (пән мұғалімі Изтаева Жадыра), Жаңақала мектеп-гимназиясының оқушысы Қуаныш Фараби (пән мұғалімі Апахаева Рая), С.Меңдешев атындағы ЖОББМ оқушысы Мырзатаев Әділбек (пән мұғалімі Жүсіпова Алтын) сынды оқушылар білімімен көзге түсті.
Ал 6 сыныптар арасына 1-3 қазан аралығында өткен жарыста Жаңақала мектеп-гимназиясының оқушысы Иманғалиев Думан, Ғабит Артур (пән мұғалімі Боранбаева Гүлжан), Карманов ЖОББМ-Б оқушысы Қайыржанова Айсезім (пән мұғалімі Башанова Нурганым), Айдархан ЖОББМ оқушысы Өтегенова Аяулым (пән мұғалімі Аминова Айсырға) сынды озаттардан құрылған аудан командасы жүлделі І орынды жеңіп алып, аудан мерейін тасытты.
Сонымен қатар 3-5 қараша аралығында болған 5-8 сынып оқушыларына арналған облыстық «Жас ойшылдар турнирі — 2015» логикалық есептер шешу турниріне Жаңақала ауданынан Жаңақала мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары Жанболат Жанер, Меңдіханов Ринат (пән мұғалімі Калакушова Мейрамгуль), 6 сынып оқушысы Иманғалиев Думан (пән мұғалімі Боранбаева Гульжан), Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы Саматов Ерасыл (пән мұғалімі Султанова Жанилсын) қатысып, Жанболат Жанер мен Саматов Ерасыл Алғысхатпен марапатталды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар