1.12.2015, 10:07
Қараулар: 49
Әлішердің жеңісі

Әлішердің жеңісі

АлишерАғымдағы жылдың 12-14 қараша күндері Орал қаласында Еркін күрестің негізін қалаушы, спорт ардагері Алдан Қазиханұлының 60 жас — мерейтойына арналған облыстық ашық турнир оздырылды. 2001-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен турнирге Ақжайық, Қазталов, Теректі, Тасқала, Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Жаңақала аудандарымен қоса Ақтөбе және Атырау қалаларынан барлығы 150 палуан қатысты. Аталмыш додаға ауданымыздан Сабыржан Құрмашев жаттықтырған М.Жүнісов атындағы ЖОББМ оқушысы Ә.Асқаров қатысып келді. Жоғары деңгейде өткен турнирдің финалдық кездесуінде ақтөбелік палуанмен белдесіп, ұпай санымен ұтылған Әлішер 48 келі салмақ дәрежесінде жүлделі екінші орынды қанағат тұтты.