1.12.2015, 10:18
Қараулар: 418
Жүрекке жұбаныш сыйлаған қайырымдылық

Жүрекке жұбаныш сыйлаған қайырымдылық

IMG_3194Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында Қазақстандықтарды жұмыспен қамту және оқутыдың, қайта даярлаудың тиімді жүйесін арттыруды аттап өтті. Сонымен қатар жұмысқа орналастыру, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтырында жұмысқа орналастыру басымдылықтары көзделді.
Осыған байланысты халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында іске қосылған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ауданымызда жүйелі жүзеге асуда.
Бағыты мен мақсаты айқын, белгілі бір жоспары бар бағдарламаны Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі абыроймен іске асырып келеді. Бағдарлама аясында атқарылып жатқан шаралар да аз емес.
Сондай игі шаралардың бірі-«Қайырымдылық айлығы». Бұл айлықта аз қамтылған жандар, қариялар, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер басты назарда болып, оларға әлеуметтік-тұрмыстық, материалдық және басқа да көмектер көрсетіледі.
Осындай маңызды шараны жүйелі жүргізу біздің ауданымызда да дәстүрге айналған. Осыған орай Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкенмен бекітілген «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын басшылыққы ала отырып, қазан айында аудан әкімінің «Мейірбандық күндері» аудандық қайырымдылық айлығын өткізу туралы іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы іс-шараға сәйкес әр ауылдық округтар мен мекемелерге жалғыз басты қариялар мен мүгедектерді және аз қамтылған отбасыларын назардан тыс қалдырмай, түрлі мерекелік шараларға қатыстыру жөнінде қатынас қағаздар жіберілді.
Аталмыш іс-шаралар негізінде аудан бойынша әлеуметтік қорғауды қажет ететін 5 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 100,0 мың теңге, 324 зейнеткерге 1459,2 мың теңге, 243 мүгедекке 1158,3 мың теңге және 131 аз қамтылған отбасына 1195,0 мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді.
«Қариялар күніне» орай 6-27 қазан күндері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қарияларға аудан әкімімен кездесу ұйымдастырып, мерекелік дастархан жайылды. 15 қария аудандық «Жаңарған өңір» газетіне 6 айға тегін жаздырылды. Осы шараларға барлығы 73 300 теңге қаржы жұмсалды. (16 адамға газетке 17 250 теңге, тамаққа 55 750 теңге).
«Мүгедектер күніне» орай спорт кешенінде 14 қазан күні мүмкіндігі шектеулі адамдарға аранап спорттық жарыс (дойбы, шахмат, қол күшін сынасу, кір тасын көтеру) ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Дәл осы күні мүмкіндігі шектеулі жандарға түстік ұйымдыстырылып, барлық ауылдық округ бойынша 50 мүгедекке түстік берілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар аудандық «Жаңарған өңір» газетіне 6 айға тегін жаздырылды. Шараға барлығы 153090 теңге қаржы жұмсалды. Ал 21 қазан күні өткен «Жан жылуы» акциясы аясында 30 мекемеден 274,5 мың теңге қаржылай, 7 мекемеден 61,5 мың теңге азық-түліктей, 9 мекемеден 81,0 мың теңге киім-кешек алып берілсе, қалған мекемелер мерекелік дастархан жайып, түрлі сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, 30 қазан күні «Көшім балалар психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесіндегі» тәрбиеленуші балаларымызға аудан әкімі Лавр Рашидұлы мен бөлім басшысы Еркін Базарғалиұлы барып жағдайларымен танысып, тәрбиеленуші балалар мен мекемеге естелік сыйлықтар табыстады. Бұл шараны өткізуге мүгедектер қорынан барлығы 252,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
Сонымен қоса аудан орталығы мен барлық ауылдық округтердің әлеуметтік қызметкерлері мен мектеп оқушылары жалғыз басты қариялар мен зейнеткерлердің және мүмкіндігі шектеулі жандардың шарбақтарын күл-қоқыстан тазалап, сынған шарбақтарын жөндеп, үйлерінің есік-терезелерін сырлауға көмек көрсетті.
Әрқашанда осындай жандардан көмегімізді аямай, үнемі қомқор болып жүрейік.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.