7.12.2015, 10:16
Қараулар: 543
Жолдауға қолдау

Жолдауға қолдау

IMG_5462Құмарғали Қайыржанов, «Ленин» орденінің иегері, зейнеткер.
Жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жақандық жағдайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқына 2016 жылға арнап «Қазақстан жаңа жақандық нақты ахуалда: өсім, реформалау, даму » атты Жолдауын жолдады.
«Ел тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Бүгінгі ахуал жетістігімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түседі. Мақсатымыз- Қазақстанды Мәңгілік ел ету, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу » деп сөз бастаған Елбасы әлемдік дағдарыс бізге қиындық тудырып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жағдай жасайтынын ашып айтты.
Елбасы бүгінгі Жолдауында бүгінге дейінгі әлемді дүрліктірген дағдарыс пен басқа да қиындықтардан бірліктің, еңбектің, ұлттық қорды уақытылы құруымыз арқылы шықанымызды атап өтті. Сондай-ақ экспорттық өнім бағасының құлдырып бара жатырғанын сөз қылып, одан шығу үшін өндірісті екі есе дамытып, жекешелендіруді қолдау керек екенін тілге тиек етті.
— Алдағы жылдарда бюджетке табыс келтіретін салықтар жетілдіріліп, банкттердің барлығы халыққа қызмет етеді. Ауыл шаруашылығы алдында үлкен міндеттер тұр. Халыққа күнделікті тұрмыста қажетті тауарлардың бағасы лайықты болуы керек. Қазақстанда жасалған тауар сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы қажет. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Біз өз өнімімізді тұтынуымыз керек,- деген Елбасы отандық өнімге ден қойды. Сонымен қатар байыған кәсіпкерлерге байлығын ортақ іске жұмсап, әрі қарай дамытуға шақырды. Бұл елдің алғысын алар іс екені баршаға аян.
-Біздің халқымыз бүгінгідей байқуатты тұрмыс кешкен жоқ. Мемлекет бизнесті қолдап, аяқтан тұрғызды. Ауқатты болдыңыздар. Енді мемлекетке, елге қызмет ететін кез келді. Өндіріс орнын ашып, халықты жұмыспен қамтып жұмыс істеу қажет, -деген Елбасы ел жағдайын саралап, елге қызмет еткен адам ғана бақытқа жететінін атап өтті.
Еліміз сындарлы замандардан сүрінбей өтіп, Елбасының бастауымен қарқынды дамып келеді. Соңғы 10 жылдың ішінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 64-тен 72 жасқа жеткендігі еліміздегі тұрғындардың тұрмысының жақсарғандығының айғағы деп білеміз. Елбасының айту бойынша 2016 жылдың 1 қазанынан бастап медицина саласының еңбек ақысы 28 пайызға, білім саласының еңбек ақысы 29 пайызға, әлеуметтік саланың еңбек ақысы 40 пайызға және мемлекеттік қызметтегі «Б» корпусының еңбек ақылары 30 пайызға өседі. Сондай-ақ, әлеметтік көмек пен зейнетақыда өседі. Бұл дегеніміз халықтың әлауқаты әлі де жақсара түседі деген сөз.
— Біз ең қиын кезден өтіп, тәуелсіздігімізді сақтап, елімізді дамыттық. Дағдарыстың бәрі өтеді. Қазақ не көрмеді, бұданда өтеміз,- деген Елбасының сөзі халықты қуантып қана қоймай, әлемдік дағдарыстан үркіген халыққа үлкен жігер берді. Е ліміздің әлемнің дамыған 30 еліне қосылуы үшін тәуелсіздігімізді ардақтап, экономикамызды дамытуға барлық қазақстандықтар болып ат салысайық ағайын.
Елбасының жолдауын толық қолдаймыз.
жолдау тындадыЕлбасының Жолдауын ықыласпен тыңдады
Жаңақала ауданындағы барлық еңбек ұжымдары Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдады.
Жолдау барысында «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін еңбек ету қажет» деген Елбасының сөзінің жаны бар еді. Біріксек ғана алмайтын қамалымыз болмайтыны айдан анық.
-Дағдарыстартың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар ғана мәңгі…
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын. Біздің тірегіміз — тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік,-деп сөзін түйіндеді Елбасы!
Тыңдаудан кейін еңбек ұжымдары Жолдауда көтерген мәселелерді талқылап, ой бөлісіп, пікір алмасты. Қай еңбек ұжымы да дағдыратқан дағдарыстан шығар жолды көрсетіп, елге жігер берудегі жүгі ауыр Жолдауды қызу мақұлдап, қолдауға құлшыныс танытты. Олар Елбасы көрсеткен жолмен бірлесе еңбек ету арқылы бұл қиындықтан да шығатындарына сенімді болды.

 

 

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.