9.01.2016, 16:17
Қараулар: 320
Қариялар көңілі бір серпілді

Қариялар көңілі бір серпілді

tk_nЖаңақала ауданы әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында аудан ақсақалдарына арналған қонақасы ұйымдастырды. Аудан оратылығындағы «Ғайса» мейрамханасында өткен салтанатты кешке аудан әкімі Лавр Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов, ішкі саясат бөлімі басшысы Қ.Теміров және барлық ауылдық округтерден келген соғыс, еңбек ардагерлі қатысты.
Жиынның алғы сөзін алған Л.Хайретдинов: «Осы отырған әрбіріңіз ауданның дамуына үлес қостыңыздар. Сіздердің еңбектеріңізді кейінгі ұрпақ ұмытпақ емес. Міне осы бір кешті сіздерге деген құрметтің бір парасы деп қабыл аларсыздар,-деп, барлық жиналғандарды жаңа жылмен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.
Кейін ардагерлер аудан өмірінің тарихынан сыр шертіп, ауданда атқарылған айшықты істерді әңгімеледі. Бір-біріне жаңа жылдық тілектерін арнап, ән-жырдың тиегін ағытты.
Жиын соңында ақсақалдар кеш ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.