16.05.2016, 15:25
Қараулар: 572
Ынтымақ — достық кепілі

Ынтымақ — достық кепілі

Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір — бірімізбен қоян — қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Осыған орай Қазақстанда 1996 жылдан бастап 1 мамыр Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы бірлігі күні болып жарияланды. Содан бері қазақ халқы бұл мейрамды елімізде тұрып жатырған өзге ұлт өкілдерімен бірге  тойлап келеді.

Бүгін де «Береке бастауы-бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған аудан тұрғындары 1 мамыр – бірлік күнін ерекше ықыласпен тойлап өтті. Бұл күні алаңға жиналған ауыл тұрғындары бір кездері бауырға басқан өзге ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптары мен өнерлерін тамашалап, еліміздегі бірлік пен татулыққа тағы бір куә болып, қуанды.

Мерекелік шаранының салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі Лавр Хайретдинов:

-Еліміздің және ауданымыздың барша тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт, береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз  молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін-деген жылы лебізін жеткізді.

Одан әрі меркеге жиналған ауыл тұрғындары  Тәуелсіздік аруымен бірге әр ұлт өкілдерінің шыңырағына бас сұғып,  ұлттық тағамдарымен танысып, өнерлерін тамашалады. Сондай-ақ,  бірлік пен ынтымақ күніне орай кәуап дайындаудан сайыс оздырылып, жиынға жиналғандарға әр түрлі рецеппен дайындалған кәуәптар ұсынылды.  Шаттық пен қуанышқа толы меркелелік шараның соңында ауыл тұрғындары әр ұлт өкілдерінің мерекелік дастархандарынан  ауыз тиіп, би билеп, көтеріңкі  көңіл-күймен тарқасты.


IMG_1213