16.05.2016, 15:39
Қараулар: 328
Актив отырысы оздырылды

Актив отырысы оздырылды

2016 жылдың 28 сәуір күні Жаңақала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Лавр Хайретдиновтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атауымен өткен ХХІҮ сессиясынан туындаған міндеттерді орындау туралы актив отырысы оздырылды.  Актив отырысының мақсатын таныстырып, отырысты ашқан аудан әкімі күн тәртібіне екі мәселе ұсынды. Бірінші мәселе – Қазақстан  халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атауымен өткен ХХІҮ сессиясынан туындаған міндеттерді орындау туралы болса, екіншісі, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу туралы болды. Бірінші мәселе бойынша мінбеге көтерілген аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында айтылған «Мәңгілік елге» апаратын басты құндылықтар жайында баяндама жасап, аталмыш сессиядан алған әсерімен бөлісті.

Одан әрі актив мүшелері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Соның ішінде №3 ЖОББҚМ-нің директоры Әлихан Досмұхамбетов бүгінгі таңда халық арасында қызу талқыланып жатырған жер мәселесі туралы және қазақстандық патриотизм  туралы әңгіме өрбітіп, өз пікірін білдірді.

Келесі мәселе бойынша сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева мекеме басшыларына мерекеге байланысты міндеттер мен тапсырмаларын жүктей отырып, алдағы мерекеге ұйымшылдықпен және үлкен жауапкершілікпен атсалысуға шақырды. Сондай-ақ бірінші мәселе бойынша  аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, сала басшылары мен зиялы қауым өкілдерінен ақпараттық-насихат тобын құрып, аудан халқына түсінік жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысын ортаға салды.

Актив отырысы соңында аудан әкімі айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, мекеме басшыларына берілген тапсырмаларды тейісті деңгейде орындауды тапсырды. Сонымен қоса ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  өтіп жатырған «25 игі іс» акциясына енжарлық танытқан  мекемелерді қатың  сынға алып,  ескерту жасады.

IMG_0433