16.05.2016, 15:56
Қараулар: 373
Оқушы ұл бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті

Оқушы ұл бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті

Бүгін аудан орталығында орналасқан Жаңақала ЖОББМ-де салтанатты жиын өтті. Оған аудандық ішкі істер бөліміне қарасты жергілікті полиция бөлімінің өкілдері қатысты. Айта кетейік, 2016 жылдың ақпан айында Жаңақала ауылдық округі, Қ.Жантілеуов көшесі бойындағы екі қабатты үйлердің біріне айдың күні аманда ұры түскен еді. Бұл бағытта аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Т.Әйтекешов осы ауыр қылмыстың (пәтер ұрлығы) ашылуына себепкер болып, көмек көрсеткені үшін Жаңақала ЖОББМ-нің 6-сынып оқушысы Ринат Маделиге Жаңақала АIIб бастығы Д.Ашабаевтың Алғысхаты мен шағын естелік сыйлығын табыстады.

Шара барысында «басқа да тұрғындарға немесе оқушыларға Ринаттай ұлдарыңыз үлгі көрсетті. Ел ішінде орын алатын қылмыстарға көз жұмып қарамайық. Батыр балаларымыз көп болғай» деді құқық қорғау саласының қызметкерлері.IMG_0403