30.05.2016, 15:50
Қараулар: 119
«Өнерлі өрендер» атты есеп беру концерті өтті

«Өнерлі өрендер» атты есеп беру концерті өтті

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасының 25 жылдығы және Д.Нұрпейісованың 155 жылдығына арналған аудандық Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі мен Орал қалалық №1 Д.Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінің бірігіп ұйымдастыруымен «Өнерлі өрендер» атты есеп беру концерті өтті.

Алыстан ат терлетіп келген қонақтар аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева мен аудандық саз мектебі ұжымының бастауымен күй астанасының негізін қалаушы Мәмен мен Тұяқберді Шамеловтың кесенесіне соғып, олардың аруақтарына тағзым етіп, құран бағыштады.

Түскі астан кейін саз мектептерінің ұстаздары өзара тәжірибе алмасу мақсатында «шебер сынып» өткізді. Есептік концерт  алыптар алаңында орналасқан Дина әжеміздің мүсініне гүл шоғын қойумен басталды. Гүл шоғын қойу құрметі №1 Д.Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінің директоры С.Погодин мен Дина әжеміздің жиеншары Рысқаным әжейге ұсынылды. Одан әрі қос бірдей саз мектептерінің өнерпаздары көрермендерге әуезді ән мен әсем билерін тарту етті. Шәкірттер мен ұстаздардың  қара домбыраларынан төгілген сан алуан күйлерімен қоса, қобыз, велончел, портопиано сынды әр түрлі музыкалық аспаптарда ойналған Ұлы компазиторлардың шығармалары өнер сүйер қауымді бір тәнтті етті. Мың бұралған бишілер, тебірентткен термешілер, күміс дауыс әншілер концертке ерекше рен бергендей болды. Есепті концерттің соңында аудан әкімі Л.Хайретдинов қонақтарға алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етсе, қонақтар атынан Сергей Погодин өнерді сүйіп, аудан өнерпаздарына үлкен қолдау білдіріп жүрген аудан әкімне алғысын білдіре отырып, сақына төріне Д.Нұрпейісованың жиеншары Рысқаным әжені шақырды. Ол Рысқаным әжеге барлық өнер адамдарының атынан алғыс білдіріп, естелік сыйлығын тарту етті. Көптің көңілінен шыққан шараның соңында қонақтар халық аузында «есткерткіштер елі» атанған ауданымыздың көркем жерлерін аралап, рухани орталыққа бас сұқты. Бұнда күй студиясының шәкірттері қонақ кәдеге күй арнаса, оралдық қонақтар тарапынан терме тарту етілді.IMG_3139