30.05.2016, 15:56
Қараулар: 470
Арманға қанат қақтырып

Арманға қанат қақтырып

Бұл күннің басты элементі – «түлек лентасын» тағынған жастар алғаш мектепке келгендегі дәстүрді еске алып, қыздар ақ бантик байлап келсе, ал жігіттер қара костюмдерін киіп келген. Қуаныш пен қимастыққа толы мерекелік жиынның салтанатты ашылу рәсімінде  сөз алған мектеп диреторы Дияр Ринат мектеп ұстаздарын сапа құрамы және оқушылардың білім сапасы мен жетістіктері жөнінде баяндай отырып, келген қонақтарды мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып шықты. Сондай-ақ, мектеп бітіруші жас түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, сәт-сапар тіледі. Мектеп директорының құттықтау сөзінен кейін жиынға қатысып тұрған қонақтарға, атап айтар болсақ  облыстық уәкіл, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері облыстық кәсіподағының төрағасы Ағдаутов Салауатқа, аудан әкімдігінің өкілі Семенов Жанболатқа және білім беру бөлімінің өкілі Рысқалиева Құралайға, сонымен қоса  мектептің 50 жылдық, 30 жылдық, 20 жылдық, 10 жылдық түлектеріне сөз кезегі берілді. Қонақтар мектеп ұжымын соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектеп оқушыларына ағалық ақыл-кеңестерін айтса, бітіруші түлектерге алдағы үлкен сынақ – ҰБТ-дан жоғарғы көрсеткешке жетулеріне тілекші екендіктер жеткізді. Сонымен қоса 30 жылдық түлектер өздерінің алтын ұя  мектептеріне споррттық құрылғылар сыйға тартса, 20 жылдық түлектер мектеп мандайшасын баннермен безендіріп берді.  Одан әрі ортаға биылғы мектеп бітіруші түлектер шақырылды. Көгілдір ленталары желбіреп,  жүректері лүпілдеп, көздерінен қуаныш пен қимастық байқалған жас түлектер, 11 жылдың қызығы мен  қиындығын бірге бөліскен  сынып жетекшілерін ортаға ала көптің алдына шықты. Олар әсем әуенмен ырғала «соңғы вальс» биін билеп, 11 жыл білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын жаудырды.

Сонымен қоса мектеп бітіруші түлектер кейінгі ізбасарларына «Білім кілтін» табыс етті. Әсем әнмен көмкеріліп, жиналғандардың көңілін сағыныш сезіміне бөлеген мерекелік жиын соңыда күмібірлеген соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы Ерасыл Ахметов пен 1 сынып оқушысы Чарлизова Айкөркемге ұсынылды. Балауса балғын шаққа «қош» дегізіп, соңғы қоңырау сыңғыры, қағылған өмірдің күмбіріндей мектеп бітіруші түлектерге ерекше әсер қалдырды. Ауданымыздың барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылып, үлкен өмірдің табалдырығын аттаған түлектер үшін тебіреністі сәт туды. Күні кеше ғана кішкентай балақандар, енді мектеп партасымен мәңгілік қоштасып, үлкен өмірге қанат қағар алдында тұр. Бұл күні талапкерлер өздерінің 11 жыл тәлім терген тарыдай шәкіртен, таудай азамат пен азаматша болғандарын сезінгендей.IMG_3562

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.