6.06.2016, 16:19
Қараулар: 1451
«Атамұра» клубының тұсаукесері

«Атамұра» клубының тұсаукесері

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және  «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне орай  мәдени-демалыс орталығы жанынан ардагерлерге арнап ашылған «Ата мұра» аталар клубының тұсау кесері болып өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Лавр Хайретдинов, мекеме басшылары, ауылдық мәдениет үйі директорлары және  аудандық  «Айзере » әжелер ансамблі қатысты.

Жиын басында мәдени-демалыс орталығының директоры А.Мүбәрак жиналғандарды ардагерлер клубының ашылуы жөніндегі бұйрықпен таныстырып, оның мақсат-міндеттерін слайд  арқылы егжей-тегжейлі түсіндірді. Келесі кезекте аудан әкімі Лавр Рашидұлы «Атамұра» ардагерлер клубының мүшелігіне қабылданған ардагерлер Н.Мақановқа, М.Шапиховқа, Н.Мырзақұловқа, Ғ.Валиевке, А.Шарафутдиновке, Е.Сатыбаевқа және М.Сұпашевқа ардагерлер клубының арнайы куәлігін табыс етті. Одан соң қариялар сөз алып ардагерлердің  еңбектері, ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі – өнеге екенін,  сондықтан кейінгі буын өкілдері олардың еңбектерінен және қызметтерінен нәр алып, үйренулері қажет екендіктерін тілге тиек етіп,  өскелен ұрпақтың санасына ұлттық тәрбиені қалыптастыруға зор үлес қосатындықтарын жеткізді.
Жиын соңында  аудан басшысы:

  • Бүгінгі құрылып отырған «Ата мұра» ардагерлер клубының ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бұлда азаматтық қоғамға, оның қалыптасуына, жалпы елдің дамуына, ұрпақ тәрбиесіне, үлкен үлес қосатын ұжым болады деп есептеймін. Енді бүгін клуб бес ардагерден басталып құрылып жатырса, алдағы уақытта бұл клубқа мүше бола алатын, аузында қариялық әңгімесі бар, жастарға үлгі бола алатындай ісі бар ағаларымызбен толығатынына мен нық сенімдімін,-деп шараны қорытындылады.

Қазыналы қариялыдың ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуы мақсатында құрылған «Ата мұра» клубының ашылу жиыны «Бәрі есімізде» атты мәдениет саласында қызмет атқарып, өмірден озған ардагерлердің ұрпақтарына  ас беру шарасымен жалғасты.  Бұнда аудандық мешіттің бас имамы Мұратбек Жахатов өмірден өзған өнер адамдарының аруақтарына құран бағыштаса,  олардың ұрпақтары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Қонақтар дастархан басында марқұмдарды еске алып, олар туралы естелік әңгімелерімен бөлісті.IMG_3978

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.