13.06.2016, 11:18
Қараулар: 273
Рәміздерді ұлықтаған жиын

Рәміздерді ұлықтаған жиын

4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні.Мемлекеттік рәміз елдігіңнің белгісі, тәуелсіздігіңнің нышаны. Туды, Әнұранды, Елтаңбаны қастерлеу кім-кімнің де борышы екені айтпасақ та түсінікті. Осы мерекеге орай 3 маусым күні аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Ел рәміздері-елдігімнің реңі, теңдігіміздің тірегі» атты дөңгелк үстел өтті. Аудандық рухани орталықтың акт залында өткен дөнгелек үстелге Жаңақала колледжі ұжымы, Жаңақала ауылдық округі әкімідігінің қызметкерлері, аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері және аудандық ішкі саясат бөлімі мен БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтаған жиында алғашқы болып сөз алған аудандық Әділет басқармасының басшысы Фарида Аманғалиева мемлекеттік рәміздердің стандарттарын, орналасу тәртібі мен оның маңызы туралы баяндама жасаған болса, Жаңақала колледжі директоры Серік Жәрдемалиев пен Жаңақала ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы Сыйлыхан Жұмасалықов жиналғандарды мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Шара барысында Қисымов Арман «Атамекен» әнін орындап жиналғандардың қошеметіне бөленсе,  кітапхананың тұрақты оқырманы Назерке Кәрімова өз шығармашылығынан «Тәуелсіздік» атты өлеңін тарту етті. Сондай-ақ,  аудандық кітапхана қызметкері Райгүл Бисенбиева ақын Оразақын Асқардың шығармашылығынан өлең оқып берді. Мемлекеттік рәміздерімізге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында өткен дөнгелек үстел Бисенғалиев Талғаттың «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әнімен қортындыланды.IMG_4466

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.