13.06.2016, 11:25
Қараулар: 705
Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Лавр Хайретдиновтың басшылығымен терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Бірінші мәселе — өңірдегі бірқалыпты «сары» деңгейдегі жарияланған белгі туралы және терроризм бойынша қалыптасқан жағдайды бағалау, талдау және оның жай күйі жөнінде еді. Бұл бағытта ҰКҚ БҚО бойынша департаментінің Зеленов аудандық бөлімінің өкілі Қ.Мырзахметов хабарлама жасады.

-2013 жылдан бері ауданда терроризмге қарсы күрес комиссиясы жұмыс жасап келеді. Жылына 4 рет, тоқсан сайын 1 рет отырысы өтеді. Бүгін Ақтөбе облысында 5 маусым күні болған жағдайға байланысты бас қосып отырмыз. Қазіргі уақытта Ақтөбеде жағдай бірқалыпты. Дегенменде қауіп-қатер бар,-деген ол «сары» деңгейдегі жарияланған белгі туралы толық мағлұмат беріп, жауапты деген адамдарға мекемелерде тәртіпті пен бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұдан кейін аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Д.Ашабаев террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы мен проблемалық мәселелер және шешу жолдары жайында баяндады. Жүргізіліп жатырған жұмыстарының барысын сөз еткен ол:

-Қазіргі уақытта террористік тұрғыда осал объектілерді тексеру жұмыстары 2016 жылдың 1 шілдесінен басталды. Алдын ала тексеру жүргізу барысында 4 мекеме тексерілді. Аталған мекемелерде кемшіліктер де жоқ емес. Айта кетсек, аудандағы террористік тұрғыда осал объектілерде бейне бақылау қондырылмаған. Қосалқы шығу есіктері дұрыс ашылмайды. Өртке қарсы құралдар және дабыл қаққыштар сигналы жұмыс жасамайды,-деді. Сосын аудандық мешіттің бас имамы М.Жахатов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Теміров сөз алып, аудандағы діни ахуал жөнінде ақпар берді.

Аталмыш комиссия отырысын аудан әкімі Л.Рашидұлы қорытындылады.терроризм

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.