13.06.2016, 11:29
Қараулар: 496
Мемлекет рәміздері – елдіктің ерен белгісі

Мемлекет рәміздері – елдіктің ерен белгісі

4 маусым күні Жаңақала ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Менің елім» атты аудан жастарының патриоттық форумы өтті. Оған аудан әкімі Л.Хайретдинов бастаған ауыл тұрғындары қатысты.

Форумда сөз алған аудан әкімі Л.Рашидұлы дүйім елді мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Бұдан кейін аудан басшысы бірқатар ауданның белсенді, жарқын жетістікке жеткен жігерлі жастарын марапаттап, өз атынан Алғысхаттар табыстады.  Олардың қатарында Е.Семғалиев, Ж.Сағынов, И.Мұратов, А.Қасымов, А.Халиуллин, Ж.Гумаров, А.Негаев, Д.Нысанғалиевтар бар. Сондай-ақ, шара барысында ауданның әр салада жеңіске жеткен, өнерлі, дарынды, білімді һәм талантты жастары баяндама жасап, сөз сөйледі. Сосын аталмыш жастар форумы мерекеге арналған концерттік бағдарламаға ұласып, орталық көшелерге қаз-қатар сап түзеген автошерумен аяқталды.IMG_4624