20.06.2016, 12:19
Қараулар: 109
Біз діни экстремизмге қарсымыз

Біз діни экстремизмге қарсымыз


IMG_5115

Бүгін аудан орталығындағы рухани орталықта облыстық ақпараттық түсіндіру тобының өкілдері мен ауыл тұрғындарының бас қосқан жиыны өтті.  Бүгінгі таңдағы діни ахуал төңірегінде ой қозғаған жиынға ауыл ақсақалдары, жастар, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері бірнеше жылдан бері қоғамға, ұлтқа, қала берді ел Тәуелсіздігіне қауіп төндіріп келе жатқан және бүгінгі таңның өзекті мәселесіне айналған  діни экстремистік топтар туралы, олармен қалай күресу керектігі жөнінде  баяндама жасады. Ал жиынға қатысушы ауыл зиялылары өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары еліміздегі діни ахуал, кешегі Ақтөбе қаласында орын алған террорлық акті төңірегінде өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, облыстық ақпарттық түсіндіру тобы мүшелері тарапынан тұщымды жауаптарын алды. Көпті толғандырған мәселе талқыға салынған жиынды аудандық мешіттің бас имамы  Мұратбек Жахатов «Біз бәріміз де діни экстремизмге қарсымыз» деген сөзімен қорытындылады.

Н.ҒАББАС