6.07.2016, 15:25
Қараулар: 515
Құрмет тақтасы орнатылды

Құрмет тақтасы орнатылды

16 маусым күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров бастамасымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай аталмыш мекеме алдына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір топ еңбек озаттары бейнеленген құрмет тақтасы орнатылды.

Құрмет тақтасының ашылу салтанатына аудан әкімі Лавр Хайретдинов бастаған ауыл тұрғындары қатысты. Жиын барысында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Л.Рашидұлы Е.Базарғалиұлы басқаратын ұжымға ризашылығын білдіріп, «еңбектерің жана берсін» деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар, осы мекемеде ұзақ жыл еңбек еткен, зейнеткер Ақлима Кенжебаева сөз алып, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегін бағалағандарға алғысын айтты.

Құрмет тақтасына Жаңақазан ауылдық округі бойынша әлеуметтік қызметкер Бақыт Үмбетиярова, Жаңажол ауылдық округінде әлеуметтік қызметкер Гүлжанат Қонашева, Бірлік ауылдық округінде әлеуметтік қызметкер Фатиха Ибрашева, бөлімде заңгер-кеңесші Аман Серікқалиев, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Мағрипа Габдуалиева,  аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы Халила Нұрсұлтанова енген.Құрмет тақтасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар