25.07.2016, 11:10
Қараулар: 353
«Шашбау» сұлулық салоны ашылды

«Шашбау» сұлулық салоны ашылды

Жақында аудан орталығында «Шашбау» сұлулық салоны ашылды. Бұл қуанышқа аудан әкімі Лавр Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасары Д.Закарин, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Меңдіхан, ауылдық окург әкімі Е.Танзенов және ауыл тұрғындары қатысты.

Аталған шағын кәсіпкерлік нысанның иесі Зульфия Карашева. Жас кәсіпкер бүгінгі таңда 3 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ол сұлулық салонын ашуды көптен армандаған екен. Айта кетерлігі, қызмет көрсетудің бағасы да ондай қымбат емес. Әрі сұлулық салоны, әрі табиғи емдік шараларды жүргізетін бұл нысан аудан тұрғындарының көңілінен шықты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге несие алып, кәсібін бастаған З.Карашева болашақта нысанның бір бөлігін дүкен етіп ашпақшы.

Нысанның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Лавр Рашидұлы кәсіпкерді құттықтап, талабына табыс тілеп, тұсаукесер рәсімін жасады.

Мұнан соң кәсіпкердің әжесі Злиха Ишанғалиева жүрекжарды лебізін жеткізіп, ақ батасын берді.

Келешекте бұл нысанның ішінен кәсіпкердің анасы, белгілі дәрігер Рәзия Төлегенқызы аудан тұрғындарына ақылы емдік-шараларды жүргізбекші. Бұнда ол «Tiens» компаниясының әйгілі аппараттары арқылы әуелі науқас адамның диогнозын қойып, сосын химиясыз, табиғи өсімдіктермен емдейтін болады.

Салтанатты жиын соңында нысанның құрылысын жүргізген Т.Жұмағұловқа  сұлулық салонының атынан Алғысхат табыс етілді.Шашбау сұлулық салоны

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар