25.07.2016, 11:20
Қараулар: 80
«Жәдігер сыйла» акциясы өтті

«Жәдігер сыйла» акциясы өтті

Жаңақала ауданында аудандық Д.Нұрпейісова атындағы өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Жәдігер сыйлайық» акциясы өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен іс-шараның ашылуында сөз алған аудан басшысы Л.Хайретдинов өлке тарихын жас ұрпаққа таныту мәселесіне тоқталып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

—  Әлі де болса жастарымыз біліп-көрмеген құнды дүниелеріміз жетіп артылады. Ал, оның маңыздылығы өте жоғары. Жәдігерлерді ауданымздың әр түкпірінен жинақтап, сақтау ісі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан да «Жәдігер сыйлайық» акциясының біздің ауданымызда қтіп жатқанына қуаныштымын. Әлбетте, бұл оңай жұмыс емес. Біз әрқашан мұндай игілікті істерге қолұшын беруге дайынбыз. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді көпшілікке насихаттап жүрген мұражай директоры Амантай Салимовке ерекше алғысымды білдіремін, — деген аудан басшысы алғашқылардың бірі болып ата-бабасы тұтынған самаурынды мұражайға табыстады.

Аудандық мұражай директоры А.Салимов аталмыш акцияның маңыздылығына тоқтала келе, барлық қатысушыларға алғыс айтты.

-Бұл акциясының басты мақсаты — тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудара отырып, елеусіз жатқан құнды жәдігерлерге қайта жан беріп, өңдеп, келешек ұрпаққа табыстау. Қазақ «Тарихыңды білмесең келешегіңді болжай алмайсың» деп бекер айтпаған. Әркез ұлттың рухы, болмыс-бітімі, ата танымы көп нәрседен биік тұрады. Оның құны алтынмен де, басқамен де өлшенбейді. Осы ретте Ұлттық музейге өздерінің құнды жәдігерлерін табыстап, акцияға атсалысып жатқан барлық ағайынға үлкен алғысымды білдіремін, — деді А.Салимов.

Іс-шараға Е.Орақбаев, Т.Ажақов, Б.Саркенов сынды ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, олардың қолданған құнды жәдігерлері мен естелік бұйымдарын тарту етті.

Сонымен қатар, Ш.Ишанғалиев, Н.Мақанов, Б.Текебаев, К.Кабушев сынды ауданымыздың белсенді азаматтары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен мекеме, бөлім басшылары белсене қатысып, бірнеше тарихи жәдігерлер сыйлады.

Айта кетейік, «Жәдігер сыйлайық» акциясы акция аясында аудандық мұражайға 200-ге жуық жәдігер жинақталды.IMG_9278

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар