15.08.2016, 11:19
Қараулар: 624
Судан неге шу шықты?

Судан неге шу шықты?

Сонғы бір айдан бері  аудан тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы ауыз су сапасының сын көтермейтіндігін айтып дабыл қағуда. Нақтырақ айтсақ маусын айның ортасынан бастап ауыз судың түсі сарғыш тартып, лайланған судан өткір, сасық (балдыр,  балық иісі) иісі шығып, дәмі өзгеріп кеткендігін айтуда. Жуырда көпті алаңдатқан мәселенің мән-жайын анықтап, себебін білу мақсатында  хабар агенттігінің Батыс Қазақстан облысыдағы меншікті тілшісі Ардақ Айбарұлы бастаған түсірілім тобы келген  болатын. Ауданымызға қатысты дабыл болғандықтан мән-жайды анықтап, көзімізбен көріп келейік  деп біз де түсірілім тобымен бірге  шықтық.

Біз ауыз суды 30 шақырым жердегі «Қазсушар» мекемесінің теңгерімінде тұрған Пятимар су қоймасынан аламыз. Ауыз су осы Пятимар су қоймасынан тікелей аудан орталығындағы ауыз су қоймасына беріледі. Ол жерден бірнеше су тазартқыш сүзгілерден өтіп барып  тұрғын үйлерге беріледі. Аталмыш қондырғы осыдан екі жыл бұрын «таза су» бағдарламасымен 200 млн. теңгеден астам қаржыға салынған болатын. Бүгінде аудан орталығындағы су беру станциясында әр қайсының  сиымдылығы 160 текше метр болатын екі су беру мұнарасы орнатылған. Бұрын тұрғындарға күніне 400 текше метр су берілген болса, қазір бұл мұнаралардан күніне 1000 текше метр су беріп тур.

Келген қонақтардың сапары Пятимар су қоймасынан басталды. Осы жерде ауыз судың сапасы жөнінде сұхбат берген «Коммунал»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Мұхтар Тапашұлы:

  • Ауыз судың сапасы туралы аудан тұрғындарының айтып жүрген сөздерін жоққа шығара алмаймыз. Ия, бүгінгі таңда судың түсінде де, дәмінде де өзгеріс бар. Бірақ оны ішуге жарамсыз деуге болмайды. Аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы ауыз судың құрамын сараптап, адам ағзасына қауіпсіз деп тауып отыр. Енді түсі мен дәміне келер болсақ, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, көлде балдырдың көбеюі. Осы уақытта балдыр гүл атады, ал сол балдыр гүлінің түсі суға шығып кетеді. Екіншіден, Пятимар суқоймасы мен аудан орталығындағы  су айдағыш сорғы арасын қосып жатырған 32 шақырымдық темір құбыр ескіріп, тат басқан. Міне осыдан келіп ауыз судың түсі де, дәмі де өзгеріп отыр,- деп ауыз су  сапасының нашарлауының басты екі себебін атады.

Келесі кезекте түсірілім тобы ат басын аудан орталығындағы ауыз су қоймасына бұрды. Мұндағы су тазарту құрылғылары мен су сақтау мұнараларын көріп, тазарту сүзгісінен өтіп, тұрғындарға беріліп жатырған судан дәм татып көрді. Бұл жердегі қызметкерлердің айтуы бойынша сүзгілер күніне 2-3 рет тазартылып, ауыстырылып турады. Және суды залалсыздандыру мақсатында 1 тонна суға 00,30 гр. езілген хлор қосылады екен.  Бірақ соның өзінде судың түсін тазарту мүмкін болмай отыр.

  • Ауданымыз бен ауылдық округтердегі таза суды біз үнемі қадағалап, ай сайын химиялық және бактериялық сынама алып отырамыз. Соңғы сынама 22 шілде күні алынған болатын. «Жаңақала аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» санитарлық-химиялық зертханасында су үлгілерін зерттеу нәтижелері Жаңақала ауылы тұрғындарына беріліп жатқан ауыз судың түстілігі мен лайлығы нормативтік көрсеткіштерден асып кеткенін анықтады. Нарматив бойынша судың лайлылығы 2О болу керек болса, қазір бұл көрсеткіш 3,77О— қа жоғарлаған. Түсі 20О-тан 25,5О көтерілген. Ал судың микробиологиялық, бактериялық көрсеткіштері нормативтік құжаттардың талаптарына сай.  Тұрғындардың арасында ауыз судан ауруға шалдыққандар жоқ,- деді аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Р.Ибрагимов өз сұхбатында.

Бұл мәселе жылда қайталанатын мәселелердің бірі. Жылдан жылға өзендерге судың келуі азайып барады. Ал су азайған сайын оның сапасы да нашарлай түсетіні анық. Осы мәселенің шешілу жолына тоқталған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Абдиров:

  • Өдеріңіз көріп отырғандай ауыз су мәселе бүгінгі таңда ауданымыздың басты мәселесі. Ауыл тұрғындарының дабылы жауапсыз қалып жатырған жоқ. Ауыз судың сапасын қалпына келтіру үшін қолдан келген жұмыстың бәрін жасап жатырмыз. Ауыз судың түсінің бұзылып, иістенуіне байланысты су жинағыш сыйымдылықтар тазартылып, залалсыздандырғыштар  көлемі 2-3 есеге дейін көбейтіліп берілуде.  Апта сайын судың құрамы тексерілуде. Күні бүгін  судың сапасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай.

Мұхтар Батырханов айтып өткендей біздегі құрылғылар ескірді, әрі ол судың иісі мен түсін тазарта алмайды. Ауылдық округтердегі осыдан 14 жылдай бұрын қондырылған су тазрту құрылғыларының да тозығы жеттіп тұр. Аудан халқы жыл санап көбейіп келеді. Алдағы уақытта 384 үйге су жалғанады, болашақта одан да көп болмақ. Сол кезде қазіргі су тазарту құрылғымыздың күші мүлде жетпей қалуы ықтимал. Бұл мәселені шешудің жалғыз-ақ жолы — «Құлшық» елді мекенінен  жерасты суын тарту. Бұл туралы біз ауданымызға іс-сапармен келіп кеткен облыс басшысына да, оның орынбасарына да айтқан болатынбыз. Құлшықтан су келер болса аудандағы ауыз су мәселесі толығымен шешілер еді,-деп Құлшықтан су тарту үшін барлық құжаттардың дайын тұрғанын айтты.

Түсірілім тобы су сапасына жауапты мекеме басшыларымен сұхбаттасқаннан соң, бірнеше ауыл тұрғындарының пікірін тыңдап, Ғабдығали Текебаевтың үйіндегі су тазартқыш құрылғыны көріп шықты.

Нұрғали ҒАББАСОВ

 Ғабдығали Текебаев, ауыл тұрғыны:

 

  • Соңғы айдан бері үйге келіп тұрғын ауыз судың түсі сарғыштанып, бұзыла бастағаны шындық. Қазір біз ол суды тек жуып-шайуға ғана пайдаланып отырмыз. Халық судың түсіне қарамастан ішуге де, тамақ дайындауға сол суды пайдаланып отыр. Бұл суды пайдалану адам ағзасына зиян деп ойлаймын. Өзіміз үйге су тазартқыш құралын орнатып алдық. Сол құрылғы арқылы сүзіліп келген су тап-таза. Тек құрылғының сүзгісі қоқыстан тез толып қалып, аптасына 1-2 рет ауыстырып турмыз.

Құрылғының құны 300 мың теңге тұрады. Өздеріңіз байқап тұрғандай 300 мың теңге аз ақша емес. Ондай су тазарту құрылғысын орнатуға халықтың барлығының бірдей жағдайы келе бермейді. Сондықтан бұл мәселе тез арада шешімін тапқанын қалаймыз. Құлшықтың суы көптен айтылып келеді, суының сапасы да жоғары деп естиміз. Енді облыс басшылары республикалық болсын, облыстық болсын қордан ақша бөліп, бізге осы Құлшықтын суын жеткізіп берсе құба-құп болар еді.

 

 

Тұрлан Балғазиев, ауыл тұрғыны:

  • Судың сапасы жөнінде ел аузынан естіп жүрміз. Халықтың айту орынды деп білемін. Расыменде үйдегі судың сапасы нашарлап кетті. Бұндай жағдай бізде бірінші рет емес, көктем мезгілдерінде де болып турады. Бәріне басшыларды кінәләуға тағы болмайды, олар қолдарынан келгенін жасап жатырған шығар. Естуімше өзен-көлдерге су келмей, балдыр басқандықтан су ластанып жатыр дейді ғой. Алла бұйыртса болашақта бәрі қалпына келеді деп сенемін. Әзірге «Талап» дәріханасынан 5 литрлік суды сатып алып, ішіп отырған жәйіміз бар.

IMG_2700

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.