15.08.2016, 11:35
Қараулар: 99
Мерейлі жасына орай қабылдады

Мерейлі жасына орай қабылдады

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева аудан экономикасын дамытуға лайықты үлес қосқан, ұзақ жылдар Көпжасар ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Қамыспай Төлеуғалиұлын қабылдады. Ол 8 тамызда мерейлі 70 жасқа толады. Қабылдауда мерейтой иесіне ақжарма тілегін жеткізген аудан әкімінің орынбасары А.Бекетқызы:

-Сіз ел үшін еселі еңбек еттіңіз. Тоқырау уақытында халықпен бірге қиын күн кештіңіз. Енді сол бейнетіңіздің зейнетін көріңіз. Деніңіз сау болсын. Ұзақ жасаңыз!-деп аудан жұртшылығы атынан құттықтау хат пен шағын естелік сыйлықты табыстады. Сосын аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Семенов сөз алып, Қ.Төлеуғалиұлының азаматтығы мен ұлтжандылығын, еңбекқор ер болғанын атап өтті. Артынша аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали мерейтой иесімен талай жыл әріптес болғанын айтып, «ұрпағыңның қызығын көр» деген лебізін білдірді.

Мұнан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Махсот Шапихов, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакторы Өмірзақ Ақбасов, Көпжасар ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағидолла Рысқалиев, Көпжасар ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Нұрбол Бектілеу құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу соңында мерейтой иесі құрмет көрсеткені үшін аудан әкімінің орынбасарына және тілеулес інілеріне алғысын жаудырды.

IMG_1993

Газеттің электронды сандары

Басқа да мақалалар