8.10.2016, 10:51
Қараулар: 516
«Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз»

«Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз»

Олар — өмірге құштарлығы арқасында көптеген қиындықтарды жеңе білген жігерлі азаматтар. Ерік-жігерінің мықтылығымен бірге, қабілет-қарымының да өзгелерден кем түспейтінін байқатып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар арамызда көп. Сондай жандардың бір тобы 30 қыркүйек күні  «Бәріміз бірдейміз — кемсітуді білмейміз» атты облыстық фестивальдің аудандық іріктеу кезеңінен өтті.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен фестивальде ауылдық округтерден келген мүмкіндігі шектеулі жандар «Үздік орындаушы»,  «Көркем сөз» және «Үздік жасампаз» атты үш бағам бойынша сайысқа түсті.
Фестивальдің ашылу салтанатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров сөз алып, аудан тұрғындарын, қонақтар мен көрермендерді аталмыш фестивальдің ашылуымен құттықтап, конкурсқа қатысушы кембағал жандарға сәттілік тіледі. Одан әрі аудан тұрғындары,  мекеме басшылары мен қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірім-ділік танытып, арнайы қойылған қайырымдылық жәшігіне ақшалай көмек-терін салды.

Тал бойындағы талантын көпке танытуды қалайтын арманшыл жандардың бірі қоңыр дауыспен шырқата ән айтып, енді бірі нақышына келтіре отырып қара өлең оқып көрермендерді таңқалдырып  жатты.

Байқауда барын салып, қазылар алқасының оң бағасын алған жеңім-паздарға келсек, олар – үш номинация бойынша үздік деп танылғандар. Жеңімпаздар түрлі жастар аралығында болды. «Үз-дік жасампаз» сайысын-да Гүлзия Исмағұлова үздік деп танылса, «Үздік орындаушы» номина-циясында Назерке Қабиева (Қырқопа ауылы),   «Көркем сөз» сынында Дильназ Дидарқызы (Жаңажол ауылы) үздік атанды. Ендігі жерде жеңімпаздар облыстық фестивальде өнер көрсететін болады.

Шара соңында барлық қатынасушыларға аудан әкімі-нің Алғысхаты табысталса, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.img_9423

Нұрғали САҒЫНҒАЛИ.