15.10.2016, 11:12
Қараулар: 540
Еңбек ардагерлеріне арналған аллея

Еңбек ардагерлеріне арналған аллея

10 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Жаңақала колледжі ауласында кәсіптік-техникалық білім беру саласында еңбек еткен ардагерлерге арналған аллея ашылды. Ескерткіш кітап бейнесінде жасалып, кітаптың бір парағына колледж тарихы жазылса, екінші парағына бақилық болған еңбек ардагерлерінің фотолары ілінген. Аталмыш аллеяның ашылу салтанатына аудан басшы Л.Хайретдинов, құрмет тақтасына ілінген ардагерлердің ұрпақтары және ардагер ұстаздар қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аллеяның лентасын Л.Рашидұлы мен Е.Лепесовтың зайыбы Бибатша Жұбанғалиқызы қиды. Одан әрі аллея алдына гүл шоғы қойылып, колледж директоры С.Жардемалиев ескерткішке суреті ілінген ардагерлер туралы хабарлама жасады.
Шара соңында қонақтар колледж жанынан ашылған мұражайды аралап, колледж тарихымен танысты. Сондай-ақ, марқұм болған ардагерлердің құрметіне құран бағышталып, ас берілді.img_9715
Нұрғали ҒАББАС