22.10.2016, 12:17
Қараулар: 317
Ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді

Ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді

Ағымдағы жылдың 21 қазанында аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиеваның төрағалығымен құрамында БҚО «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Н.Қамашев, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Б.Ибрагимов және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров пен  аудандық орталықтандырылған аурухана қызметкерлері бар ақпараттық үгіт-насихат тобы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (МӘлМС) туралы түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандағы мекеме ұжымдарымен кездесті. Үгіт-насихат тобы Жаңақала колледжі, Жаңақала ЖӨБ, Жаңақала мектеп-гимназиясы және Жаңақала ЖОББМ-де болып, жиналған ұжым қызметкерлеріне слайд арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы жан-жақты түсінік берді. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, үгіт-насихат тобы тарапынан тұшымды жауаптарын алды. Мұндай үгіт-насихат жұмысы барлық ауылдық округтер мен мекеме, кәсіпорын ұжымдарында жүргізілді.

Н.ҒАББАСОВ

 img_0110