22.10.2016, 12:20
Қараулар: 93
Жолда қабылдау және тұрғындар тілегі

Жолда қабылдау және тұрғындар тілегі

Жаңақала  ауданында «Жолда қабылдау» акциясы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ішкі істер органдары мен құрылымдарына, әкімшілік полициясының қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатын көздеген «Жолда қабылдау» республикалық акциясы бастау алды.

Акция аясында  аудан орталығындағы көшелер бойына рейдке шыққан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының сектор меңгерушісі Г.Дағарова, филиал кеңесшісі Р.Абуова, жол полиция қызметкері К.Жүзжасаров, көлік жүргізушілермен акцияның мақсаты мен міндеті туралы әңгімелесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ,  көлік иелеріне ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені жөнінде баяндап,  жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау шаралары туралы бүктемелер таратылды.

Аталған іс-шараны өткізу кезінде барлық азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті кеңестер берілді.

Н.ЕСЕТОВА.

14706897_1807478992869396_7353786581405970449_o

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар