29.10.2016, 10:19
Қараулар: 394
Қариясын қастерлеген ел ардақты

Қариясын қастерлеген ел ардақты

img_0584

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Қайырымдылық айлығы» аясында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, аудандық аумақтық басқарма мен аудандық ветеринария саласы мекемелері бірігіп ветеринария саласы ардагерлеріне арнап дастархан жайып, құрмет көрсетті.  «Бозбаев» кафесінде жайылған дастарханға қонаққа шақырылған қариялармен қатар, аудан әкімінің орынбасары Дархан Закарин және аталмыш мекеме қызметкерлері қатысты. Қариялардың құрметіне жайылған дастархан басында алғашқы болып сөз алған Д.Закарин қазыналы қарияларға «қош келдіңіздер» дей отырып, жүрек жарды лебізін жеткізді. Одан әрі сөз кезегін ветеринария бөлімінің басшысы М.Нұрғалиев, ветеринариялық зертхана меңгерушісі Р.Әбуова, аудандық аумақтық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Қожахметов және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы С.Бекқалиева алып, қарияларға тілектерін айтып, естелік сыйлықтар табыстады.  Әсем әнмен көмкерілген кеште қариялар естеліктермен бөлісіп, өз қызметтері туралы сыр шертіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Н.ҒАББАС.

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.