5.11.2016, 10:14
Қараулар: 65
Сіз ақ қарғаны көрдіңіз бе?

Сіз ақ қарғаны көрдіңіз бе?

Біз әдетте ақ тышқанды немесе ақ қоянды көріп жүрміз, бірақ ақ қарғаны көбіміз көре бермейміз. Себебі ақ қарға — өте сирек кездесетін құс. Ғалымдар жануарлар мен құстар арасында ерекше түстің пайда болуын организмде бояу пигментінің болмауынан деп дәлелдеген. Бұндай  ерекше  жануарлар мен құстарды   альбиностар деп атайды. Альбенизм — латын сөзінен аударғанда  «а л fa-eye»- ақ деген мағынаны білдіреді екен.  б.з.б. ІІ ғасырда осы ерекше албинос қарғаны өз теңеуіне арқау қылған Рим жазушысы Ювенал «Құл патша болуы мүмкін, тұтқын бостадыққа шығуы мүмкін. Бірақ ондай бақытты адамдар  ақ қарға тәрізді өте сирек кездеседі» деп жазыпты. Сонымен қоса ақ қарғаның сиректігі туралы  құран хадистерінде де кездеседі екен. «Әйел мәртебесі жайлы 100 хадис» атты  21-ші хадисте  «Сендердің ең жақсы әйелдерің, дүниеге бала әкеліп, қамқоршы болғандары. Аллаға нық сеніммен иман келтіргендері. Ал ең жаман әйелдерің, жартылай жалаңаш киініп, менмендігі асып тұрғандар. Екіжүзді, бетпақ әйелдер ешуақытта жәннатқа кірмейді. Салиқалы, ізгі әйелдер ақ қарға секілді өте аз болады» делінген. Ал орыс халқының арасында «Белая ворона» сөзі қоғамнан қандай да бір іс-қимылымен, мінезі немесе түр-тұрпатымен ерекшеленетін адамға айтылатын метафора екен.

Ең қызығы жер бетінде өте сирек кездесетін осы ақ қарға біздің қасымызда яғни, біздің ауданда тіршілік етіп жатырғаны. Сенбі күні демалысымды пайталанып қора-қобсымды тазалап, аулама сенбілік өткізіп жүріп, қоқыс аралап толып жүретін күнделікті қара қарғалардың арасынан бір ақ құсқа  көзім түсті. Басында шағала шығар деген оймен мән бермеп едім, кейін қарғалар жақынырақ келіп қонған кезде жанағы құс ақ қарға болып шықты. «Ақ қарға болатын ба еді?» деп ойлап, дереу құстарды (тек құстарды ғана емес) фотоға түсіріп,бақылағанды ұнататын Қаһарман досыма телефон шалдым.
— Ақ қарға болады деп естуші едім, бірақ өз басым ол құсты әлі көрмеппін. Ақ қарға өте сирек кездесетін құс деп естідім,-деген досым, оны фотоға тусіріп алуымды өтінді.
Фотоаппаратымды алып шығып фотоға да, видеоға да түсіріп үлгердім. Құран хадистеріне және  біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген еуропа ақындарының теңеулеріне арқау болған осындай табиғаттың ерекше жаратылысының біздің ауданымызда мекендеуін біз тек жақсылыққа жорыдық.

Нұрғали ҒАББАС.14611162_711452905672023_1811194946511338106_n

Жаңақала ауданы.

Газеттің электронды сандары

Басқа да мақалалар