22.11.2016, 15:36
Қараулар: 496
«Нұр Отан» -нұрлы істер партиясы

«Нұр Отан» -нұрлы істер партиясы

11 қараша күні «Нұр отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының кезектен тыс ХІХ конференциясы болып өтті.

Конференцияның  күн тәртібіне Жаңақала аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016  жылдары  атқарған жұмыстарының есебі, Жаңақала  аудандық партия филиалының Саяси кеңесін, Батыс Қазақстан облыстық конференциясына делегаттар сайлау  туралы және партия жұмысын ұйымдастыру туралы төрт мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша хабарлама жасаған Нұр Отан партиясының аудандық филиалы төрағасының орыбасары Р.Саматов:

— Біздің бүгінгі конференциямыз барша қазақстандықтардың киелі ұғымына айналған ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсанында өтуде. Әрбір ел өзінің тәуелсіздігі мен бостандығын ең басты, ең қастерлі байлығы деп есептейді.  Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен тарих үшін аз уақыттың ішінде біз ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік.  Осындай қазақстандықтардың жалпыұлттық табысына «Нұр Отан» партиясы да өзіндік үлесін қоса білді,-деген баяндамашы есепті мерзім ішіндегі атқарылған істерге кеңінен тоқталды.

-Партияның 9 жобасы да ауданда сәтті жүзеге асуда. Есепті мерзімде аудандық партия филиалының кезектен тыс 2  конференцисы, Саяси кеңесінің 2 отырысы және 6 Саяси кеңесінің Бюро отырыстары оздырылды.

Партияның ұйымдық негізін бастауыш партия ұйымдары құрайды.  Қазіргі кезде аудандық партия филиалы бойынша 1790 мүшесін біріктіріп отырған 14 бастауыш ұйымдары және  67 партия топтары жұмыс істеуде. Олар партия Жарғысына сәйкес 16 ауылдық округтер шеңберінде партия мүшелерінің тұрғылықты жерлері бойынша құрылды.

Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын одан әрі жетілдіру бағытында соңғы екі жыл бойы «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы өткізілуде. Байқаулардың қорытындылары бойынша 2015 жылы «Маштексай»БПҰ (төрайымы Сәуле Мухамбетжанова.),облыстан екінші орын алса, ал биылғы жылы «Мендешев» (төрағасы Ахметов Абзал.) облыс бойынша  «Ең үздік» партия ұйымы деп танылып Республикалық байқауға жолдама алды.  Аудандық партия филиалы, оның бастауыш ұйымдары партия қатарын нығайтуды басты назарда ұстауда. Аудандық филиал бойынша 2015 жылы 86 адам, биылғы жылдың 10 айында 145 адам жаңадан партия қатарына қабылданды.

Бұл жұмыстар алда да жалғасын табады-деп түйіндеді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Р.Саматов өз баяндамасында.

Баяндамадан кейін жарыссөзге кезек берілді. Бірінші болып сөз алған «Меңдешев» бастауыш пария ұйымының төрағасы А.Ахметов жыл ішінде атқарған жұмысымен және байқаудағы әсерімен бөліссе, «Жаңақала» бастауыш партиясының төрағасы Е.Танзенов бастауыш партия халық пен биліктің арасын жақындату, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау мақсатында қабылдаулар тұрақты өтетінін, сондай-ақ партияның жобалары округте сәтті жүзеге асып жатқанын баяндады. Ал жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Ж.Хайрелов жастармен жұмыс барысында «Ардагерлерді ардақтайық», «Сәтті қадам», «Кедергісіз келешек» жобаларының орындалуына аса мән беретінін назарға беріп, партия жұмысына оң баға берді.

Конференция делегаттары  Саяси кеңестің жаңа құрамын, Саяси кеңестің бюросын сайлап, осы жылдың 18 қарашасында Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлады.

Жиын соңында бірінші кезекте атқарылатын міндеттер жайында қаулы қабылдады.img_4642

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар