22.11.2016, 15:46
Қараулар: 367
Ерлікті дәріптеген шара

Ерлікті дәріптеген шара

Бүгін 15 қараша Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі тарихында ерекше орын алатын Тастөбе шайқасына 179 жыл толып отыр. Азаттық үшін жан алып, жан беріскен айқас Жаңақала ауданы аумағында болғаны белгілі. Осыған орай соңғы жылдары Тастөбе шайқасы болған жер анықталып, аудан орталығында ескерткіш-белгі орнатылған еді. Бұның өзі елі үшін шыбын жанын пида етіп, «егеулі найза қолға алған» ерлердің есімі ешқашан ұмтылмайтынының һәм өшпейтінінің, жас ұрпақ санасында жатталатынының, қазақпен бірге жасайтынының дәлелі емес пе?!

Нақ осы күні Тастөбе шайқасын тәрбие құралына айналдырып, жас ұрпақты ерлікке, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында аудандық мәдени-демалыс орталығы, аудандық білім бөлімі және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Тастөбе ескерткіші маңында тарихи-танымдық шара өтті.

Шара барысында алдымен аудандық мешіттің бас имамы Мұратбек қажы Жахатов қасиетті құран аяттарын оқып, өмірден өткен батыр бабаларымыздың рухына дұға бағыштап, Тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуын тіледі. Бұдан соң сөз алған аудан әкімі Лавр Хайретдинов көтерілістің мән-маңызына тоқталды.

Шарада Қ.Айдарбеков «Қазақстан» әнін тамылжыта шырқаса, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Д.Мұқашева «Арыс» баспасынан жарық көрген «Махамбет» кітабын мектеп оқушыларына табыстады.

Сонымен қатар, ашық аспан астында тарих пәні мұғалімдері тарихи-танымдық тәрбие сағатын өткізіп, көтерілістің барысы мен себептерін хабарлап, тарихи маңызын баяндады.

Оқушылар аратұра Махамбеттің отты жырларын оқыса, «Өкініш» күйін Жаңақала мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы А.Қасым орындады.  Ал, аталмыш күйдің шығу тарихын Жаңақала мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Қаһарман Сағындықұлы айтып берді.

Жиын соңында №3 ЖОББҚМ-нің 10-сынып оқушысы Б.Мырзағали «Ғасырнама» әнін шырқады.

Ел азаттығы үшін жан қиған Исатай-Махамбет бастаған батырлардың ерлігін үлгі тұту бүгінгі ұрпақ үшін қашанда қажет болмақ. Осындай отаншылдықты, елдікті дәріптейтін игі шаралар жалғаса беретіні даусыз.%d0%b5%d1%80%d0%bb%d1%96%d0%ba%d1%82%d1%96-%d0%b4%d3%99%d1%80%d1%96%d0%bf%d1%82%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0