22.11.2016, 15:52
Қараулар: 98
Қоғамдық тыңдау өтті

Қоғамдық тыңдау өтті

Бүгін аудандық мәдени демалыс орталығында «БҚО Жаңақала ауданындағы Жаңақала топтық су құбырының құрылысы» жұмысы жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдау болып өтті. Қоғамдық тыңдауға аудан әкімі Лавр Хайретдинов, «СПС» ЖШС-нің директоры Алтай Шапкенов, «СПС» ЖШС директорының орынбасары В.Камашев, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Зұлқожа Сапарұлы, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, мекеме, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, округ әкімдері және аудан тұрғындары қатысты.

Жобаны тыңдауға арналған жиынды аудан әкімі Лавр Хайретдинов ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі, «БҚО Жаңақала ауданындағы Жаңақала топтық су құбырының құрылысы» жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстары туралы болса, екіншісі, Жаңақала ауылының бас жоспарына түзетулер енгізу болды. Бұл бағытта «СПС» ЖШС-нің директоры А.Шапкенов хабарлама жасап, атқарылатын ауқымды істің барысымен таныстырды.

Мұнан кейін бірқатар ардагерлер және тұрғындар сөз алып, өздерінің көкейдегі сауалдарын жолдап, ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.%d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d1%82%d1%8b%d2%a3%d0%b4%d0%b0%d1%83-%d3%a9%d1%82%d1%82%d1%96