16.12.2016, 16:45
Қараулар: 84
Жаңақалада жаңа мұражай

Жаңақалада жаңа мұражай

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында  аудан әкімінің іс-шаралар жоспарына сай «25 игі іс» акциясы аясында  Жаңақала аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылды. Аудан әкімі Лавр Хайретдиновтың тікелей қолдауымен және ұйтқы болуымен ашылған  музейдің  салтанатты ашылуына  Батыс Қазақстан облыстық маслихатының хатшысы Мәлік Иманқұлұлы, «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдырының докторы Әнес Ғарифолла, облыстық мұражай директоры Мирболат Ерсаев, аудан әкімі Л.Рашидұлы және арнайы шақырылған ауданымыздың  еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Ел тәуелсіздігі қарсаңында ауданымызда атқарылып жатқан  көптеген игі істердің куәсі болған қонақтар алдымен мұражай ауласында ұйымдастырылған  өткен өмірімізді, бабаларымыздың тұрмысын бейнелейтін  «Қамыс-Самар» жәрменкесін аралады. Жәрмеңкеге қатысушылар ХІХ ғасыр базарынан төрт түлік малдың, құстар мен балықтың, қазір ұмыт бола бастаған сол замандағы әр түрлі ұлттардың тағамдары мен тұрмыстық бұйымдарының саудасын тамашалады. Одан әрі музейдің ашылу рәсімде тоқсанның төріндегі шежіре ақсақалымыз, соғыс және еңбек ардагері Мәжит Жаданов сөз алып, барша жаңақалалықтарды мерекелерімен құттықтап, ақ батасын берді. Мұнан кейін құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы Л.Хайретдинов музейді жасақтауға қолұшын берген облыстық мұражай директоры Мирболат Ерсаев пен Бөкей ордасы ауданының  Жәңгір хан атындағы  музейдің директоры Ғайса Темірболатұлына  Алғысхат табыстады. Сондай-ақ, аталмыш музейді жабдықтауға, жөндеуге ат салысқан барша азаматтар мен азаматшаларға ризашылығын білдірді. Ауданымызда жаңадан ашылып жатқан мәдени ошақтың лентасын қию құрметі  «Арыс» баспасының директоры  Әнес Ғарифолла мен аудан әкімі Лавр Хайретдиновқа бұйырды. «Айзере» әжелер ансамблі мүшелерінің  шашқан шашуынан соң қонақтар тас дәуірінен бастап қазіргі таңдағы аудан тарихын бейнелейтін жеті залды аралап, көне жәдігерлерді тамашалады.

Айта кететін жәйт, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай жергілікті бюджеттен бөлінген  3,5 млн. астам қаржыға  бос тұрған ескі ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, Жаңақала аудандық тарихи-өлкетану музейі болып қайта жасақталды.img_3689

Нұрғали ҒАББАС

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар