16.12.2016, 17:05
Қараулар: 584
Желтоқсаншылар марапатталды

Желтоқсаншылар марапатталды

%d0%b6%d0%b5%d0%bb%d1%82%d0%be%d2%9b%d1%81%d0%b0%d0%bd%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8bКеше түсте ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында аудан әкімі Лавр Хайретдинов Жаңақала ауданы бойынша 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасына» қатысушылармен салтанатты жағдайда кездесті. Жылы жүздесу аудан әкімінің кіші мәжіліс залында өтті.

Алдымен сөзді аудан әкімі Лавр Рашидұлы бастады:

-Сіздер — еліміздің тәуелсіздігінің іргетасын қалап бердіңіздер. Сол кездегі Кеңестің кер заманын келмеске кетірген өр рухты жастарсыздар. «Тау алыстаған сайын биік болып көрінеді» дейді. Бәріне уақыт сыншы. Міне, биыл «Желтоқсан оқиғасына» 30 жыл толып отыр. Кезінде ескерусіз қалғанмен, өз алдымызға ел болғалы мемлекетіміздің сіздердің ерліктеріңізді, елдікке ұмтылған асқақ жігерлеріңізді бағалағаны көңіл қуантады. Біз сіздерді бүгінгі таңда батыр деп білеміз, ерліктеріңізге әрқашан құрметпен қараймыз. Отанды, ұлтты сүюдегі махаббаттарыңыз қашан да өскелең ұрпаққа үлгі болып қала бермек,-деген ол еліміздің тәуелсіздігі үшін жанын қиюға дайын болған жастарға бүгінгі аға ұрпаққа алғысын жеткізді. Мұнан соң аудан басшысы Л.Хайретдинов 1986 жылы ел үшін үн қатып, халқының болашағы үшін жанайқайын жеткізген желтоқсаншыларға Құттықтау хат пен сый-сияпат және «Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалін табыстады.

Кездесуге желтоқсаншылар – Батыр Таулин, Самат Боранбаев, Бақтияр Зұлқашев, Хайсен Сүлейменов, Гүлмира Сәлімова, Сатқали Сабенов, Жамидолла Кенжеғалиев, Әлия Базарова, Роза Абуова келді. Олар сөз арасында бұған дейін мұндай кездесу болмағандығын айтып, құрмет көрсеткен аудан басшысына шын көңілден ризашылықтарын білдірді.

Емен-жарқын әңгіме арасында желтоқсаншылар оқиғаның орын алу себебін мәлімдеп, сол кездегі қазақ жастарының жанкешті тірлігін баяндады.

Қазақ ұлтын өзге ұлт өкілі басқарады дегенді естіген олар, жылы жерде жатуды жат санып, үндеуге үн қосып, еш ойланбастан алаңға шыққандарын айтты. «Менің Қазақстаным»,  «Елім-ай» әндерін елжірей орындағандарын жасырмады. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте, көшелер мен дүкендерде өзге ұлт өкілдерінің өздеріне сұқ көздері қадалғандарын, олардан теперіш көргендерін әңгімелеп, бастан кешкен әртүрлі қиындықтарымен бөлісті.

Кездесуде кеш қонақтарына арнап аудан өнерпаздары әсерлі әндердің бір парасын тарту етті.

Тағылымға толы кездесу соңы естелік суретке түсуге ұласты.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар