2.08.2017, 11:14
Қараулар: 80
Ауылдағылардың да айтары бар

Ауылдағылардың да айтары бар

Бүгін, яғни 24-25 шілде күндері аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Мәстексай, Жаңақазан, Жаңажол, Қырықопа  ауылдық округтері мен Жуалыой елді-мекенінде болып, ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Наурызбай Қадырбайұлы қабылдауға алдын ала жазылған ауыл тұрғындарының талап-тiлектерiн тыңдап, әр айтылған мәселені оң шешімін табу үшін жұмыстанатындығын айтып, жауапты адамдарға нақты тапсырмалар берді. Жеке қабылдауға жазылған ауыл тұрғындары алға тартқан мәселелердің дені жұмыс сұрау, тұрғын үй сұрау, мал бағу, жер жөніндегі мәселелер болды. Сондай-ақ, қыс мезгілін жазда ойлайтын аудан басшысы аталған ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандарды аралап, қыс мезгіліне дайындықтарын тексерді. Бұл жерде де әр мекеменің кезек күттірмейтін мәселелеріне жете назар аударып, шешілуіне ықпал ететінін айтты.
Н.ҒАББАС