23.09.2017, 12:05
Қараулар: 536
Тіл–ұлы байлық

Тіл–ұлы байлық

ҚР халықтарының тілдері күніне орай Рухани орталықта аудандық кітапхана және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен «Тілдің мерейі-елдің мерейі » атты дөңгелек үстел өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші латын әліпбиіне көшу болатын. Осыған орай дөңгелек үстелге кітапхана оқырмандары және тіл мамандары қатысып өз ойларын ортаға салды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Н.Мақанұлы, Қ.Қайыржанов, С.Міржақыпқызы, А.Тұрмағамбетова санамыздың жаңғыруы соның ішінде тілдің жаңғыруы, технологиялық дамуымыз, халқымыз бен мемлекетіміздің жаңа биіктеріне көтерілуі үшін жасалып отырған қадамдарды қолдайтынын айта келіп, бірақ қандай жағдайда да өз тілімізді ұмытпай,  жетік меңгеріп, құрметтеу керек екендігі жайында  сөз қозғады.    Жаңақала ЖОББ мектебінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Аман Ғабиденұлы «Үш тұғырлы тіл» және латын әліпбиіне көшу жөнінде көп дайындықтар, ұсыныстар керек екендігін айтып, өзінің өте мағыналы ойын ортаға салды. «Ұлт — анасы тіл»  атты кітап көрмеге шолу жасалып, кеш «Атамекен» әнімен аяқталды.    

Рухани жаңғыру

Басқа да мақалалар