23.09.2017, 12:12
Қараулар: 514

Сенбілік — қоғам үшін атқарылатын игілікті іс. Айналаны таза ұстау әркімге міндет. Сондықтан ауданымызда күз және көктем мезгілдерінде ұдайы сенбілік ұйымдастыру жақсы бір дәстүрге айналған.  16 қыркүйек пен 16 қазан аралығында санитарлық-экологиялық айлық жариялануына орай өткен сенбіде сенбілік оздырылып, санитарлық тазалық жұмыстары басталды. Игі шараға мемлекеттік қызметкерлер, мекеме ұжымдары  қатысып, тазалық жұмыстарын ойдағыдай атқарып, қызу еңбек етті. Көңіл қуантарлығы сенбілікке қатысқан жұртшылық қолдарына күрек, сыпырғыларды ұстап, ауыл тазалығына бір адамдай атсалысып, тазалыққа өз үлестерін қосқандығы. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір адамның азаматтық парызы екенін естен шығармайық, ағайын!

А.АСХАТҚЫЗЫ.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.