30.09.2017, 15:42
Қараулар: 388
Өрттің алдын алу шаралары жүргізілді

Өрттің алдын алу шаралары жүргізілді

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағында өрт жағдайын азайту, сондай-ақ өрт кезінде адам өлімін болдырмау мақсатында барлық бөлімдеріне үстіміздегі жылдың 15 қыркүйек айынан бастап 16 қазан айына дейінгі аралықта айлық өткізуге №171 бұйрығын берген болатын. Сонымен қатар, аудан әкімінің 2017 жылдың 18 қыркүйек күнгі «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» №218 қаулысы шығып, іс-шара жоспары бекітілді. Осыған орай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Еділ Мамаев пен учаскелік полиция инспекторы Әлихан Ізбанов №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп арнайы рейд жұмыстарын жүргізді. Олар Жаңақала ауылындағы тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Рейд барысында сала мамандары тұрғындардан жылыту маусымында пештерді және газ құралдарын пайдалану кезінде бейқамдық танытпай, өрт қауіпсіздік қағидаларының сақталуына баса назар аударуларын сұрады.

Кездесу және аула аралау кезінде тұрғындарға жылыту пештерін қауіпсіз пайдаланудың негізгі бағыттары, тұншықтырғыш газбен уланғанда алғашқы көмек көрсету жолдары түсіндіріліп, шұғыл қызметтердің телефондары көрсетілген жадынамалар таратылды.