30.09.2017, 15:59
Қараулар: 631
Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлыққа жол жоқ

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының          8-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасы» бекітілген болатын. Осыған орай 26 қыркүйек күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібін түсіндіру жөнінде жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Руслан Қуанышқалиев, аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева, мекеме, дербес бөлім басшылары, тағы басқалары қатысты.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Айзада Бекетқызы төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды.

Басқосуда күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Руслан Қуанышқалиев сөз алып, ауданға келгендегі мақсат-міндетін атап айтты. Ол жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің критерилері мен әдістері және талдау анықтамаларын жасау туралы толық мағлұмат берді. Сондай-ақ, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, талдау жүргізу көрсеткіштерінің критерилерін (бақылау-қадағалау функцияларының, мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару) түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді сапалы орындау әдістеріне баса назар аудару керектігін баяндады.

Жиын соңында тараптар сұрақ-жауап алмасып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар