30.09.2017, 16:25
Қараулар: 506
Халыққа түсіндіру жұмыстары өтті

Халыққа түсіндіру жұмыстары өтті

Құқықбұзушылықты мүлдем жою мүмкін емес. Мемлекет және адамды бағындыру апараты пайда болғанымен, адамзат дамудың даңғыл жолына түсті. Бірақ, қоғам ішіндегі қарама-қайшылықтар, әсіресе, үлкен масштабтағы зиянды қылықтар, адамның жер бетінде өмір сүруінің өзіне қатер әкелу мүмкін. Тұлғаға құқықбұзушылыққа алдын-ала жол бермеудің басты шарасы, ол  профилактикалық жұмыс жүргізу. Яғни, қоғамды заңдылыққа, тәрбиеге, сыйластыққа үйрету. «Отанды сүю, отбасынан басталады» деген мақал, құқық бұзушылықты азайту шарасының басты принципін көрсетеді. 26 қыркүйек күні аудандық ішкі істер бөлімінде Қазақстан Республиксы ІІМ-нің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі келіп түскен нұсқауына сәйкес «Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» атты кең көлемді акция өтті. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру. Аталмыш акцияны өткізу барысында аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері, Жаңақала ауылдық әкімшілігі және «Нұр Отан» партиясы, БАҚ өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында азаматтардың құқықтық мәдениеттілігін қалыптастыру бойынша орталық базар маңында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Яғни, әр азамат кез келген құқықбұзушылықты көргенде немқұрайлылық танытпай, арнайы органдарға хабарлай отырып, қоғамда кез-келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға өз үлестерін қосу қажет.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар