7.10.2017, 10:38
Қараулар: 419
Тазалық айлығы жалғасуда

Тазалық айлығы жалғасуда

«Тазалық – саулық негізі,Саулық – байлық негізі». Бұл ықылымнан алаштың ұстанған қағидасы. Осы сөз-дің мән-мазмұнын жастардың бойына сіңіріп, тазалық – мәдениеттіліктің белгісі екенін ұқтырды. Алайда, табыс табуды бірінші кезекке қойған нарықтық қоғам өкілдері атадан балаға сабақтасып келген мәдениеттілікті, яғни, тазалық сақтауға салғырттау қарауда. Оны әрбір сенбілік өткен сайын байқап, бағамдап жүрміз.

Ауданымызда 16 қыркүйек пен 16 қазан аралығында санитарлық-экологиялық айлық жарияланған болатын. Осы күні бүгінге дейін үш сенбілік өткізілді. Жалпы тазалық айлығы басталысымен жер-жерде қарқынды түрде тазалық жұмыстары атқарылды. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне көз жүгіртсек, аудан бойынша соңғы екі сенбілікке 1671 адам қатысты. Тазалық жұмысына 108 техника жұмылдырылып, 70,2 тонна қоқыс арнайы орындарға тасымалданды. Тұтастай алғанда, әр сенбілік жоғары деңгейде өткізілді. Әрбір мекеме аталмыш сенбілікке жауапкершілікпен қарап, аудан тазалығына бей-жәй қарамай, ұйымшылдықпен қатысуда.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.