14.10.2017, 10:13
Қараулар: 614
Ардагерге құрмет көрсетілді

Ардагерге құрмет көрсетілді

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин 85 жасқа толуына орай ардагер ұстаз Жасұлан Қисмеденовті арнайы қабылдады.

Аудан басшысы аудандық мәслихат хатшысы, аудандық ардагерлер ұйымының, аудандық білім бөлімінің басшылары, колледж директоры, басқа да адамдар қатысқан қабылдауда мерейтой  иесінің өмір жолына тоқталып, бір салада 55 жыл қызмет атқарып, ауданның білім беру ісіне елеулі еңбек сіңіргеніне үлкен  ризашылық білдірді.

Ардагерге аудан әкімдігі атынан Құттықтау хат тапсырып, оқалы жапан жауып құрмет көрсетті.

-Зейнетке шыққалы елеусіз қалғандай едім. Еңбегімді ескеріп, арнайы қабылдап, құрмет көрсеткендеріңізге бір марқайып қалдым,-деген қарт ұстаз өткен күндерді, жұмыстас болған тұрғыластарын толқи сөйлеп есіне алды.

                     

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар