14.10.2017, 10:20
Қараулар: 327
Әдеп жөніндегі кеңес

Әдеп жөніндегі кеңес

Жақында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында БҚО бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Айгүл Есекенованың қатысуымен кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына дербес бөлім және мекеме басшылары, мамандар қатысты.

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Қарменов:

-Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы шыққан болатын. Жарлыққа сәйкес, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 8-тарауында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі көрсетілген.

Әдеп жөніндегі уәкіл  — қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші болып табылады,-дей келе облыстан келген уәкілге сөз берді.

БҚО бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Айгүл Есекенова мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі әдебі туралы хабарлама жасап, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге деген халық сенімін нығайту мәселелері жайында жан-жақты әңгіме қозғады.

Ендігі кезекте тәртіп бұзғандар ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі арқылы жауапқа тартылатын болады. Сондықтан олар өздеріне жүктелген міндетті қалтқысыз орындаулары тиіс.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар