21.10.2017, 15:13
Қараулар: 303
Тұрғындар тілегі тыңдалды

Тұрғындар тілегі тыңдалды

 

Өскелең өмір, уақыт тынысына сай халық аманатын арқалаған халық қалаулылары  ел-жұрттың ұсыныс-пікірлерімен санасу мақсатында қоғамдық қабылдаулар өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Ағымдағы жылдың 18 қазаны күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізді. Билік пен халық арасын жақындататын қабылдауға өздерін мазалаған мәселелерін айтып ауданның 13 тұрғыны келді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың қаузаған мәселелерінің дені үй сұрау, жұмыс сұрау сынды жеке мәселелер болса, кейбіреулері көше жарығы, көше жолын жөндеу секілді   ауылға ортақ мәселелерді алға тартты. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған аудан басшысы әр айтқан мәселелері жауапсыз қалмайтындығын айтып, бөлім басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.